Наверх

Погода в Астане: 28 июля, ночь: +15° 4 м/с28 июля, утро: +18° 5 м/с28 июля, день: +18° 5 м/с28 июля, вечер: +16° 4 м/с

Өскеменде трамвай қозғалысы шектелмек

1490
Фото: Устинка Live.

Бұл туралы "Шығысэнерготрейд" ЖШС-ға сілтеме жасай отырып, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгіннен бастап күнделікті 10.00-ден 17.00-ге дейін трамвайлар қозғалысы шектеледі.

Трамвай паркінің энергетикалық компания алдындағы қарызы - 70 млн теңге. Қарызды өтеу қарқыны өте бәсең болғандықтан, "Шығысэнерготрейд" ЖШС желіге электр қуатын беруді шектемек.

Қалалық әкімдіктегілер трамвай бағыттарымен қатынайтын автобус маршруттары шыққанын айтады. №15 бағыттағы автобус №3 бағыттағы трамвайдың, ал №27 бағыттағы автобус №1 және №2 бағыттағы трамвай жолымен қатынайды.

Ал трамвай паркінің басшылығы трамвайлардың түбегейлі тоқтап қалмауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда.

Дереккөз: Устинка Live.

Оценить материал
0