Наверх

Погода в Астане: 09 апреля, вечер: -2° 3 м/с10 апреля, ночь: -3° 4 м/с10 апреля, утро: +3° 5 м/с10 апреля, день: +12° 6 м/с

Семейдегі Достоевский музейіне биыл 47 жыл толады

572
Фото: Дидар газеті сайтынан.

Музей директоры Татьяна Автушконың айтуынша, музей «Қазақстанның қасиетті жерлерінің» картасына енген.

Бұл үйді 1857-1859 жылдары жазушы Федор Достоевский пәтер ретінде жалдап тұрған екен.1968 жылы Семей қаласы 250 жылдығын атап өткен кезде мерейтойлық мерекелерге ұлы жазушының немересі Андрей Фёдорович Достоевский шақырылады. Ол музейге рақметін айтып, Семей қаласында жазушының есімі сақталғанына қатты риза болады. 1971 жылы Федор Достоевскийдің туғанына 150 жыл толуына орай, бұл ескі үй қайта жаңғырып, ал 1976 жылы үйдің жартысы бетонмен жабдықталады, негізінде бұл ағаш үй болғандықтан, әдемі, көрікті қалпын сақтап қалған.

- Біздің қаламызда жазушы Федор Достоевскийдің қазақтың кемеңгер ұлдарының бірі Шоқан Уәлихановпен кездескені, дос болғаны тарихтың ерекше бір парағы, - дейді Татьяна Автушко, - олар алғаш Омбы қаласында танысады. Содан бастап 6 жыл бойы 1856-1862 жылдары хат жазысып тұрады. Шоқан арқылы Федор Достоевский мұсылман және Еуропа мәдениетін біріктірудің нәтижесін ұғынып, сол сияқты Шоқанның өз халқына деген ерекше махаббатын біледі.

Әлемде ұлы классик жазушы Федор Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған жеті музей бар екен. Олардың алтауы Ресейде орналасса, Қазақстандағы жалғыз музей осы Семейде. Биыл 7 мамырда музейдің ресми ашылуына 47 жыл толады .

Дереккөз: Дидар газеті.

Оценить материал
0