Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Алдағы уақытта шалғай елді мекендердегі имамдарға стипендия беріледі

1036
Фото: muftyat.kz.

Бұл туралы  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Мәжіліс отырысында алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған діни қызметкерлерге көмек көрсетілетіні де мәлім болды. Имамдарды қолдаудың пилоттық жобасын іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін арнайы қайырымдылық қоры құрылды.

«Бұл қор министрліктің, мүфтияттың және бірқатар заңды және жеке тұлғаның қатысуымен құрылды. Қор аз қамтылғандарға көмекпен қатар, шалғай елдімекендердегі имамдарға стипендия бөледі. Қайта даярлау курстарын ұйымдастырады. Қордың қаражаттары Қазақстанның полиэтникалық халқының дәстүрлі, рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған жобаларға да жіберіледі» деді министр Н.Ермекбаев.

Дереккөз: kazislam.kz.

Оценить материал
0