Наверх

Погода в Астане: 09 апреля, вечер: -2° 3 м/с10 апреля, ночь: -3° 4 м/с10 апреля, утро: +3° 5 м/с10 апреля, день: +12° 6 м/с

Көктемгі мерзімді әскери қызметке Қарағандыдан 1500 азамат шақырылмақ

561
Фото:

Бұл туралы  Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі әскерден тыс дайындық департаментінің бөлім бастығы Нұржан Әбдікешев аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

- Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырту 1-ші наурызда басталады. Қарағанды облысында Қорғаныс министрлігінің, мемлекеттік қорғаныс қызметінің, Ұлттық гвардия әскери бөлімдерінде және Қазақстан Республикасы ҰҚК шекаралық қызметінде мерзімді әскери қызметтерін өтеуге 1500 адамды шақыртамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді Нұржан Әбдікешев.
Елімізде Қарулы күштер эксаумақтық қағидат бойынша жинақталады. Ол дегеніміз, әскери бөлімнің орналасу ауданынан тыс жерде тұрып жатқан әскер қатарына шақыртылатындар отан алдындағы борышын өтеуге келеді деген сөз. Бұл әскери бөлімдерді еліміздің кез-келген аймақтарына және тұрғылықты халық санына қарамастан қажетті мөлшерде құрастыруға мүмкіндік береді.

Шақырту бөлімінің бастығы Дмитрий Цхайдың айтуынша,бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан денсаулығына байланысты әскери қызмет өтуге жарамсыз деп танылған, заңды тұрғыда 27 жасқа дейін мерзімді әскери қызмет өтуге шақыртылмаған азаматтар босатылады.

Сонымен қатар іскери қызметін өту барысында қаза болған немесе бірінші және екінші топ мүгедегі атанған туысқаны бар азаматтар да босатылады. Мұнымен қоса басқа мемлекетте әскери қызметтен өткен, ғылыми дәрежесі бар және тіркелген діни ұйымдардың діни қызметкерлері де ол борыштан босатылады.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0