Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Қызылордада өткен айтыс жеңімпаздары анықталды

2453
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұдан бұрын Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Сыр өңірінде республикалық айтыс өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Сыр бойына еліміздің  9 қаласынан ақындар келіп, «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» тақырыбында өткізілген айтыс мәреге жетті.

Айтыстың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, ақындарға сәттілік тілесе, жыр додасына арнайы Маңғыстаудан келген ақын Мэлс Қосымбаев арнауын жеткізді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Атырау, Қарағанды, Семей, Павлодар және Қызылорда облысының айтыс ақындары қатысты.

Бас жүлдені қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды. Бірінші орынды қарағандылық Мақсат Ақанов, екінші орынды алматылық Рүстем Қайыртай  иеленді. Үшінші орынға  семейлік Әсем Ережеқызы, павлодарлық Қайрат Нұрқанат және қызылордалық Мұхтар Ниязов  ие болды.

Оценить материал
0