Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы күндері

1916
Фото: ҚР Тұңғыш Президенті Қоры баспасөз қызметі.

23 ақпанда  сағат 10:00-де Әкiмдiкте Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов пен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi — Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев екi жақты кездесуi өтедi, онда жастарды, сондай-ақ бiрлескен қоғамдық-маңызды жобаларды iске асыру мәселелерi талқыланады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қор басшылығы С. Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық кiтапханасына компьютерлiк техниканы сатып алуға 3 млн. теңге сомасына сертификат табыстайды.

Сағат 11.30-да ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қорының басшылығы мен ұжымы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк-Қазақстан Мемлекеттiк университетiнiң (СҚМУ) ғылыми және студенттiк белсендiлерiмен кездесуi өтедi. Кездесуде СҚМУ Жас ғалымдар кеңесiне «Үздiк жас ғалымдар кеңесi-2017» атағы бойынша диплом табыс етiледi.

Сағ. 15:00-16.00 ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қорының баспасөз қызметiнiң басшысы Ақерке Берлiбай СҚМУ студенттерi үшiн «Әлеуметтiк медиалар: SMM және PR-дың цифрланған әлемдегi үздiк iс-тәжiрибе» тақырыбына шеберлiк сабағын өткiзедi.

Сағ. 15.00-16.00 ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қоры Сыйлығы лауреатының — «Қазақстанның алтын виолончелi» Ермек Құрманаевтың Петропавловск өнер колледжiнiң суденттерi үшiн шеберлiк сабағы өтедi.

Сағ. 16.00-17.00 «FinTech Group» компаниясының өкiлдерi СҚМУ студенттерi үшiн Қазақстандағы «блокчейн» технологиясының дамуы туралы семинар өткiзедi.

Сағ. 18:30-да Қазақ операсының жұлдыздары — Тұңғыш Президент Қоры Сыйлықтарының Лауреаттары Солтүстiк Қазақстан облысының Н. Погодин атындағы орыс драма театрында концерті басталады.

Оценить материал
0