Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Семейде травматология орталығы ашылады

1876
Фото: chel.kp.ru.

Семейде жаңа политравма және ортопедия, гематологиялық орталықтары ашылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлімдеді.

Оның айтуынша, медициналық орталықтарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің үш жылдық бағдарламасы аясында биыл Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының базасынан облыстық травматология орталығын ашу көзделіп отыр.

- Жаңа политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеу үшін ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының рөлі өте маңызды, себебі бұл аурухана облыстың 9 ауданына қызмет етеді- дейді М.Шоранов.

Медициналық жедел жәрдем ауруханасында қазіргі таңда мультимедиалық құралдармен жабдықталған ота жасау бөлімі, инсульт орталығы, ондағы науқастарды қалпына келтіру залы жұмыс істейді.

Онда жыл сайын үш мыңға жуық ота жасалады. Олардың жартысына жуығы төтенше және жоспарлы ота болса, 1300-ден астамы травматологиялық ота түрлері.

Дереккөз: Алдаспан газеті.

Оценить материал
0