Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

«Халық келісімі» қоғамдық бірлестігіне 25 жыл

659
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігіне 25 жыл толды. Осыған орай  «Маңғыстау – татулық пен келісім аймағы» атты мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігін айтулы мерекемен құттықтай отырып, ел игілігі үшін еткен еңбектеріне табыс тіледі.

 - Қазақстан Республикасы Президентінің саяси ерік-жігерінің арқасында біздің мемлекетте бүкіл әлемде кеңінен танымал қазақстандық этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Біздің болашақ ұрпаққа беретін ең басты байлығымыз – бұл халықтың бірлігі,- дей келе облыс әкімі  бірлестіктің 25 жылдық мерекесіне орай қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін  ЭМБ мүшелеріне алғыс хат табыстады.

Оценить материал
0