Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Семейде «Абай» журналының 100 жылдығына арналған мерейтойлық шара өткізілді

919
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Семейдегі Абай атындағы кітапханада  «Абай» журналының жарық көргеніне 100 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: рух кәусары Абай журналына 100 жыл» тақырыбында  мерейтойлық шара өткізілді,деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты. 

Шара аясында «Абай» журналының 1992 жылдан бастап барлық дерлік сандарын қамтыған «Рухани жаңғыру: Қазақ руханиятының айнасы - «Абай» журналына 100 жыл» атты әдебиеттер көрмесі ашылды. 

Шараға қатысушы кітапхана пайдаланушылары «Абай» журналын 1992 жылы қайта шығаруға қатысқан зиялы қауым өкілдерін көріп, ғибратты әңгімелерін тыңдады. 

 «Абай» журналының ақылдастар алқасының мүшесі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетовтың айтуынша, 1918  жылдың  15 қарашасында шыққан журналдың  санында Абай Құнанбайұлының «Есті мен ессіздік парқы» атты қарасөзі,  Мұхтар Әуезовтің «Өліп таусылу қаупі» мақаласы, «Уақ қарыз серіктігінің жалпы ережесі», сондай-ақ,  авторлары белгісіз мақалалар мен бүркеншік есімді ақынның өлеңдері басылған,  әдебиет зерттеушілерінің алдында «Абай» журналының барлық сандарын түгендеп, онда жарияланған басылымдарды саралау жұмыстары тұр. 

Оспанов Мұратбек Қабиденұлы «Абай» Республикалық Тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журналының бас редакторы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері:  

"Халқымыздың біртуар ұлдары негізін қалаған журнал материалдары зерттеуші-ғалымға да, оқытушы, тәрбиеші-мұғалімге де, студент, талаптанушы жас маманға да ауадай қажет. Сонымен бірге  бүгінгі  замана ағымы, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да ұдайы сөз болады. Журнал өз оқырмандарына рухани  азық беретін басылым екеніне сенімім мол",- дейді.

Оценить материал
0