Наверх

Погода в Астане: 13 мая, ночь: +10° 3 м/с13 мая, утро: +16° 4 м/с13 мая, день: +25° 7 м/с13 мая, вечер: +22° 5 м/с

Астанада басталған «Қолжетімді ХҚКО» акциясы маусымның соңына дейін жалғасады

662
Фото: Әкімдіктің сайтынан

 Бұл акция «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қолжетімді ХҚКО» акциясы аясында енді қала тұрғындары өздеріне қажет анықтамаларды ірі ОСО, базарларда, емханаларда және сауда орындарында, кеңселер мен мекемелерде ала алады. ХҚКО-ның қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерге барып қызмет көрсететін болады.

«Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында  8 ақпаннан бастап осындай үлкен істі қолға алдық. Яғни, ХҚКО-ның қызметкерлері ірі сауда орындарына, кеңселерге барып сол жерде адамдарға түрлі анықтамаларды алу жолын, e.gov порталын қолдану жолдарын түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді»,- дейді «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Ж. Жылқышиева.

Қазіргі кезде осы акция аясында электрондық-цифрлық қолтаңба және түрлі қызмет түрлерін 5 мыңнан астам қала тұрғыны алды. ХҚКО қызметкерлері болашақта мектептерді аралауды жоспарлауда. Акция бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады.

Оценить материал
0