Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Павлодарда биылғы жыл экология жылы деп жарияланды

988
Фото: time.kz

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Сонымен бірге, ол 2018 жылы аулаларды көріктендіру және тұрғын үй құрылысы мәселелерімен нақты айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық экологиялық проблемаларды бір жылда шешу мүмкін еместігін атап өткен облыс басшысы  алдағы жылға нақты іс-қимылдар жоспары құрастырылғанын айтты.

"Бұл бағыттағы бірінші қадам жасалды, — деді әкім. — Облыс орталығының төрт аумағында орнатылған LED-дисплейлерден қала тұрғындары ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты көре алады".

Аймақ басшысы өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуіне байланысты облыс жұртшылығы ауаның тазалығына алаңдаулы екендігін айтып, барлық ірі кәсіпорындармен экологиялық жағдайды жақсарту және ауаға тарайтын қалдықтардың мөлшерін азайту бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

"Осы жылдан бастап кәсіпорындарды жаңғыртудан өткізу кезінде экологиялық жүктемені азайту мәселесі басты орында тұратын болады", — деді Болат Бақауов. Оның айтуынша,облыстың 7 ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылған, алдағы уақытта 8 меморандумға қол қойылатын болады.

2017 жылы өңірде аулаларды көріктендіру және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Облыстың үш қаласында 180 аула жөндеуден өтті. Бұл мақсаттарға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

"Осы жылы Павлодарда – 180, Екібастұзда – 50, Ақсуда 20 аула жөндеуден өтетін болады. Бұл мақсаттарға 2,8 миллиард теңге қарастырылды. Үш жылға жоспарланған бағдарлама мерзімінен бұрын орындалатын болады. Бұл осы жылы атап өтілетін аймақтың 80-жылдығына арналған басты сыйлықтардың бірі болмақ",-деді облыс әкімі.

Оценить материал
0