Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

ЕҰУ «Тоғыз құмалақ» ойынын мобильдік нұсқада әзірледі

1710
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің студентері мен магистранттары Мейірхан Есеев, Галы Махмуд, Лесбек Шағи, Нұрдәулет Рахымберді қазақтың ұлттық «Тоғыз құмалақ» ойынын (PlayMarket және AppStore)  қол жетімді әрі мобильді нұсқада әзірледі, деп хабарлайды Объектив.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ұлттық ойындарды цифрландырудың идеялық дем берушісі әрі авторы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Ал жобаның жетекшісі Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова.

Сондай-ақ бұл жағымды жаңалық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баяндалған міндеттерді елімізде жүзеге асыруға ЕҰУ студенттері  мен магистранттарының қосқан сүбелі өнертабысы. Басқаша айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтардың танымалдығын арттыру үшін мультимедиялық платформа құрудың нақты қадамы.

Қазір Еуразия ұлттық университетінде осы мақсатта қазақ халқының ұлттық мұрасын цифрландыру бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Оның бір дәлелі «Көп деңгейлі ойындардың кросс-платформасын жасау» атты ғылыми-қолданбалы жобаның басталуы. Өнертапқыш жастар қазір аталмыш жоба шеңберінде М.Әуезовтың «Көксерек» шығармасы атауымен компьютерлік ойындар:  тоғызқұмалақ және асық ату жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Оценить материал
0