Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Жыл басынан бері Қарағанды облысында жол-көлік апаттар саны азайды

1487
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018-ші жылдың басынан облыста 24 жол-көлік апаттары болған. Ол жайлы Қарағанды облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жалғасбай Жақаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Оның айтуынша, былтырғы  дәл осы мерзімімен салыстырғанда биыл жол-көлік апаттар саны төмендеген. Егер өткен жылы 40 жолөкөлік апаттары тіркелген болса, биылғы жылы ол көрсеткіш 24-ті көрсетіп отыр. Ол 45%-ға аз, - деді Жалгасбай Жақаев.

Сәйкесінше, бұл апаттардан зардап шеккендер саны да азайған. Өткен жылы апаттан 50 адам жапа шеккен болса, биыл – 31 адам. Алайда қаза болғандар саны сол беті қалып отыр.

- Қыс әлі аяқталған жоқ, сондықтан облыс тұрғындарын жолдарда абай болып, жол жүру ережелерін сақтауларын сұраймыз, - деді Қарағанды облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жалғасбай Жақаев.

Оценить материал
0