Наверх

Погода в Астане:20 октября, день: +15° 5 м/с20 октября, вечер: +12° 6 м/с21 октября, ночь: +9° 4 м/с21 октября, утро: +7° 3 м/с

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл 67,9 млрд.теңге бөлінеді

1089
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған . Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.

Биыл халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған.

-  Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр, - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Оценить материал
0