Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Астанада «Жұмыспен қамтылу – халықтың әл-ауқатының басты факторы» атты конференция өтеді

1156
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

15 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықтық коммунистер ғылыми конференция өткізеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тақырыбы – жұмыспен қамтылу қоғамдағы игіліктің басты факторы.

 Форумға парламентшілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар қатысады. Конференцияда 5 академик, 4 ғылым докторы және 3 ғылым кандидаты баяндама жасайды.

Форумда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның зерттеулер институтының директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, Әлеуметтік Академия академигі Зарема Шаукенова «Экономиканы жаңғырту - дамудың өзекті міндеті»; Мәжіліс депутаты, Экология және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы, геология-минералогия ғылымының кандидаты Галина Баймаханова «Табиғи ресурстар - жұмыспен қамтудың негізгі шарты»; академик, профессор, философия докторы  Қазбек Қазкенов  «Тұтыну тауарлары өндірісі - қоғамның әл-ауқатының факторы ретінде» тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Конференцияда, сондай-ақ Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, экономика ғылымының докторы Омархан Өксікбаев  және «А-Білімпаз» фирмасының директоры, биология ғылымының кандидаты Дана Ысқақ «Еңбек етуге жарамды халықты толықтай жұмыспен қамтамасыз етудегі ҚКХП рөлі» тақырыбында сөз сөйлейді.

Оценить материал
0