Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Атырауда Махамбет Өтемісұлының домбырасы таныстырылды

1905
Фото: atr.kz.

Мұнайлы өңірде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлттық домбырасының тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.

– Көрмеге музей қорынан 65 музыкалық аспап қойылған. Олардың жасалуы да, материалы да әртүрлі. Көрмеге келушілер қарағай мен үйеңкіден, жаңғақ ағашы мен еменнен, қандыағаштан жасалған домбыраларды тамашалауға мүмкіндіктері бар, – дейді Атырау тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.

Сондай-ақ, көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихы мен эволюциясы туралы да мәліметтер ұсынылған. Көрме тек музыкалық аспаптардың тарихына ғана арналмаған. Көрме Каспий маңы тарихы, танымал күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың тағдырымен де тығыз байланысты.

Сонымен қатар, жұртшылықтың назарына Қаршыға Ахмедьяров, Нұрғиса Тілендиев, Саламат Мұқашев, Махамбет Өтемісұлының күй шерткен домбыралары таныстырылды.

Дереккөз: «Атырау» газеті.

Оценить материал
0