Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Жамбылда сот залдары толығымен аудио-бейнетіркеумен жабдықталған

567
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көтерілген маңызды мәселелердің бірі - ҚР сот жүйесін инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету болатын. Онда барлық сот процестері аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталу керектігі айтылған. Судьялар жазбаны тоқтатуға не болмаса түсірілген материалға өзгеріс енгізуге құқысы жоқ. Бұл қоғамның еліміздегі сот жүйесінің әділдігіне сенімін арттырады.

Жамбыл облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, облыста бұл жүйе дұрыс жолға қойылған. Бүгінде залдардың 100 пайызы аудио-бейнетіркеумен жабдықталған. Әрбір сот отырысында тұрғындарға сотта аудио-бейнетіркеу жүйесін қолданылып жатқандығы  айтылады. Ал, Жоғары сот деңгейінде сот процестерін онлайн режимде де көруге болады .

Дереккөз: «Жамбыл» облыстық телеарнасы.

Оценить материал
0