Наверх

Погода в Астане:03 июня, день: +16° 4 м/с03 июня, вечер: +14° 3 м/с04 июня, ночь: +10° 3 м/с04 июня, утро: +11° 6 м/с

Ақтөбеде 1535 отбасы баспаналы болды

1042
Фото: «Ақтөбе» газеті.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1535 отбасы баспаналы болды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүгедек жандар бар.  

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған 1374 пәтерлі тоғыз қабатты алты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде  96 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған. Қалған пәтерлердің иелері — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары.

Көпбалалы отбасылар мен жетім балалар және мүгедек жандарға пәтер кілтін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырды.

— Әрбір отбасы үшін ең басты мәселе — баспана. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Осы мақсатта бүгінде елімізде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» сынды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Былтыр облыс бойынша 793 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, биыл 850-870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Қазіргі күні 22 мыңға жуық ақтөбелік кезекте тұр. Егер ең кемі жылына төрт-бес үй салсақ, біраз адам пәтерлі болады, — деп облыс әкімі жиналғандарды жаңа қоныстарымен құттықтады.

Сондай-ақ  облыс әкімі Батыс-2 шағын ауданына барды. Бұл жерде  мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының «Бәйтерек Девелопмент» желісі бойынша салынған 161 пәтерлі он қабатты үйі пайдалануға берілді. Бердібек Сапарбаев тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтап, пәтер кілтін берді.

Дереккөз: «Ақтөбе» газеті.

Оценить материал
0