Астанада «Шығыс жұлдызы Науаи» атты кеш өтеді

Бүгін сағ.15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы» Қоғамдық Бірлестігі 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында, ұлы өзбек ақыны және ойшылы «Шығыс жұлдызы Науаи» атты әдеби-мәдени кешін ұйымдастырады. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.
Әдеби-мәдени кештің мақсаты: екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты одан ары нығайту, тіл мен мәдениетті сақтау және дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру. Сондай-ақ, түркі тілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттау болып табылады.
Екі ел арасындағы мәдениетаралық, гуманитарлық және кітапханалық байланыстарды нығайту мақсатында бұл мемлекеттің Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашуды ұсынамын.Орталықтардың ашылуы біздің қарым-қатынасымызды нығайтудың маңызды қадамы болып табылады – дейді Үмітхан Мұңалбаева.
Шара Өзбекстан Республикасы Елшілігінің және «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы» Қоғамдық Бірлестігінің қолдауымен өтеді.
Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан және Түркіменстан Республикаларының Қазақстандағы Елшіліктері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақындар, этномәдени қоғамдық ұйымдарының басшылары, ЖОО студенттері және басқа да қонақтар қатысады.