Наверх

Погода в Астане:20 октября, день: +15° 5 м/с20 октября, вечер: +12° 6 м/с21 октября, ночь: +9° 4 м/с21 октября, утро: +7° 3 м/с

Елімізде 200-ден астам кәсіпорынға халал сертификаттары берілген

1153
Фото: muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан да арнайы халал стандарты бөлімінің ашылғанына да көп бола қойған жоқ. Осы азғана уақыт кезеңінде халал стандартын енгізу үшін біршама жұмыстар тындырылды, деп хабарлайды muftyat.kz

Бұған дейін  халал стандартын айғақтайтын таңбасы бар өнімдер шеттен тасылатын . Қазір өз еліміздегі бірқатар кәсіпорындар да арнайы сертификат алып, өнімдерін шығарып жатыр.

Жақында Науан хазірет мешітінің арнайы шақыруымен Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Мүфтияттың «Халал стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев  осы елді толғандырған мәселелер жөнінде облыстың барша имамдары қатысқан семинарда кеңінен әңгімелеп берді. Оның айтуынша, аталған бөліммен еліміз бойынша 200-ден аса кәсіпорынға халал сертификаттары берілген екен.

Бейбіт Мырзагелдиев  өз сөзінде көшеде сатылатын шұжық өнімін жеуге не үшін тартыншақтайтынымыздың жай-жапсарын тілге тиек етті.  Мүфтияттың халал бөлімі осы заманғы зертханада 300-ге жуық халал таңбасы бар өнімдерді тексерген кезде, оның 285-інен шошқаның май қоспасы табылғанын атап көрсетті. Сондықтан халал таңбасын алатын кәсіпорындар қатаң бақылауда болатынын да жасырмады.

Алдағы уақытта өңірлердегі мешіттер жандарындағы асханалар жұмыстары да толықтай халал стандартына көшіріледі.

Оценить материал
0