Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Жамбылда «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

2768
Фото: gorodtaraz.kz.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен қалалық кеңестің кезекті басқосуында Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту жайы талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Таяу арада аумағы 15 гектар болатын саябақ адам танымастай өзгермек. Жиында саябақты жаңғырту жобасын таныстырған Алматы қаласынан арнайы келген «Арыстан–Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары мұнда Ұлы Отан және ауған соғысы мен тыл ардагерлеріне арналған музей бой көтеретінін атап өтті. Жоба авторларының айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 68 мыңға жуық жамбылдықтың есімдері қашап жазылған «Жауынгерлік даңқ аллеясы» мемориалды композициясы пайда болады.

Осыған орай сұрапыл соғысқа қатысқан жамбылдық жауынгерлердің есімі жергілікті басылымдарға жарияланып, олар жайындағы тың деректерді іздестіру, тізімді толықтыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұл ретте Жеңіс күніне арналған ірі шаралардың бірі – «Мәңгілік полктің» жүруіне ыңғайлы етіп саябақ аумағын қайта жасауға басымдық беріледі.

Алдағы уақытта көпшілік Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының есімімен аталатын саябақтан батырдың ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтқан нақыл сөздері жазылған тақтайшаларды да көретін болады. Одан бөлек, қауіпсіздікті сақтау мақсатында саябақ аумағын толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтып, қосымша полиция пунктерін ашу жоспарлануда.

Оценить материал
0