Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Қостанайда колледжге Кәмшат Дөненбаеваның есімі беріледі

2089
Фото: «Қостанай таңы» газеті.

Социалистік Еңбек Ері, әйгілі механизатор Кәмшат Дөненбаеваның есімін мәңгі есте қалдыру туралы бұл бастаманы аймақтың атқарушы билігі мен облыстық мәслихат ұсынған, деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті. Кезектен тыс сессияның қатысушылары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.     

Бұдан былай К.Дөненбаеваның есімі туған өлкесі – Меңдіқара ауданындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжіне беріледі. Депутаттар шешімімен қуатталған ұсыныс үкіметке жолданады. 

Мұны сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те жақсы бастамаға балады. Сондай-ақ, ол облыс орталығында іргесі қаланып жатқан Юбилейный шағын ауданында Еңбек Ерінің атындағы саябақ ашылатыны туралы да атап өтті. Саябақ ішіне даңқты жерлесіміздің ескерткіші де орнатылады. Бұл жоспарлар жыл соңына дейін жүзеге асады.

Оценить материал
0