Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жоспардағыдан 9,6% өсті

1940
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Жылдың алғашқы айындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы 19,8 млн.тоннаға жеткізілді.

Қаңтарда мың тоннадан астам астық тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 65% жоғары көрсеткіш. 400 мың тонна ұн өнімдері тасымалданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жоғары.

Қаңтарда көмір тасымалы 8,9 млн. тонна құрады. Сонымен қатар ҚР әкімдіктері мен тұтынушылары тапсырысымен әлеуметтік -тұрмыстық көмір тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13% өсті.

Аталмыш мерзімде мұнай және мұнай өнімдерін тиеу көлемі 1,6 млн.тонна құрады. Бұл өткен жылғы қаңтарға қарағанда, 5% жоғары көрсеткіш.
Қаңтарда экспорттық тасымал көлемі екі пайызға өскен.

Импорттық тасымал көлемі 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 13% өскен. Оның ішінде Ресеймен шекаралық өткелде (5%), Қытаймен (62%), Өзбекстанмен (53%), Түркменстанмен (50%), Қырғызстанмен 36 пайыз.

Қаңтар айында Қазақстан аумағымен 290 контейнерлік пойыз өткен. Оның ішінде Қытай-Еуропа бағдарымен контейнерлік тасымалдың көлемі 1,3 есеге өскен, деп хабарлайды «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінен

Оценить материал
0