Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Қазақ күресінен «Десант барысы» атағы үшін чемпионат өткізілді

702
Фото: Министрлік сайтынан.

Қапшағайда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қазақ күресінен чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Онда 80-нен аса келі салмақ дәрежесінде 30-дан аса палуан ымырасыз тартысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант М.Д. Қожантаев жеңімпаз атанды. Екінші орын 32363 әскери бөлімінен келген мерзімді қызметтегі сарбаз Е.Д. Сіргебайға бұйырса, үшінші орынды 61993 әскери бөлімінің аға сержанты Н.Қ. Саябаев еншіледі. Биыл наурыздың 9-ы мен 11-і аралығында Шымкент қаласында Қарулы Күштердің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері арасында «Әскер барысы» атағына қазақ күресінен ашық турнир өткізілмек. Турнир нәтижелері бойынша екінші орын жеңімпазы мен жүлдегері қазақ күресінен «Қазақстан барысы» белді республикалық турниріне қатысуға жолдама алады.

Оценить материал
0