Наверх

Погода в Астане: 13 мая, ночь: +10° 3 м/с13 мая, утро: +16° 4 м/с13 мая, день: +25° 7 м/с13 мая, вечер: +22° 5 м/с

Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

1471
Фото: SPKpavlodar.kz.

Павлодарда «Ертіс ырысы» дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Онда Павлодар мен Ақсу қаласының ауылдық аймақтары, Баянауыл, Успен, Лебяжі және Павлодар ауданынан жеткізілген азық-түліктің түр-түрі төмен бағамен сатылып жатыр.

Бұл – жаңа жылда ұйымдастырылып отырған алғашқы жәрмеңке. Әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкені әсіресе зейнеткерлер асыға күтеді. Құны нарық бағасынан төмен әрі сапалы өнімге сұраныс халық арасында өте жоғары.

Жәрмеңкеде картоп, сәбіз, қызылша бар болғаны 75-80 теңгеден сатылып жатыр. Фермерлер жәрмеңкеге 15 тонна картоп, 9 тонна сәбіз, 3 тонна қызылша және 6 тонна қырыққабат әкеліпті. Жылқы, сиыр, қой, тауық еттерінің бағасы 1400 теңгеден аспайды. 

Арзан бағалы азық-түлік жәрмеңкесі облыстың барлық қалалалары мен аудан орталықтарында өтеді.  Былтыр аймақта 677 жәрмеңке өткен. Екі мың тона ет, 30 тоннадан астам шұжық, 500 мың тонна сүт өнімдері, 600 тоннадан астам картоп және көкөніс өнімдері сатылыпты. Ұйымдастырушылар «Ертіс ырысын» ары қарай да жалғастырмақ ойда. Келешекте тауар өндірушілерді көптеп тартып, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр. 

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0