Наверх

Погода в Астане: 23 сентября, ночь: +3° 3 м/с23 сентября, утро: +5° 5 м/с23 сентября, день: +8° 4 м/с23 сентября, вечер: +5° 2 м/с

Алматыда «NOMADS Ет» дүкендер желісі ашылды

2054
Фото: muftyat.kz.

Алматы қаласында соңғы екі айда NOMADS Ет дүкендер желісі ашылып отыр. Аталмыш дүкендер желісі ҚМДБ-ның халал стандартына сай келіп, арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды muftyat.kz cайты.

NOMADS дүкенінде ұлттық ет және сүт өнімдері сатылады. Тұтынушыларға ет өнімдерінен жылқы, сиыр, қой еттері, сүт өнімдерінен қымыз, шұбат, айран, қаймақ, қолдың сары майы, құрт, жент, бал және үйдің сүзбесі ұсынылған.

Сондай ақ, дүкендер желісіне ет өнімдері NOMADS  шаруа қожалығынан әкелініп отырады. Бірінші шаруа қожалығы Жамбыл облысы, Алғабас ауылында орналасқан болса, екінші шаруа қожалығы Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында орналасқан.

Оценить материал
0