Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Атырауда туберкулез ауруын болдырмауға көңіл бөлінеді

1081
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс әкімі Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында Ганюшкино селосындағы туберкулезбен ауыратындарға арналған шипажайға барды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

- Біз бұл ауруды жеңу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бұл ақша санап отыратын мәселе емес. Қанша қажет, сонша бөлеміз. Туберкулез – әлеуметтік ауру, онымен күресу керек. Біздің мақсат – аурушаңдық бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізу, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, мұнда сауығуға, иммунитетті көтеруге, ауру санын азайтуға қажетті барлық жағдай жасалған.

Құрманғазы ауданында Атырау облысындағы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған жалғыз мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді. Қазір мұнда 20 бала ем қабылдауда. Орталықтың жұмысымен танысып, мамандармен сөйлескен Нұрлан Ноғаев осы салада жеке бизнеспен серіктестікте жұмысты ұйымдастыруды тапсырды. Аймақ басшысы мұндай орталықтарды мемлекет қамтамасыз ететінін айтты.

Оценить материал
0