Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Еңбек қатынастары саласындағы жаңа тәсілдер Бас келісімде айқындалған

1190
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Жаңа келісім шеңберінде жұмыс берушілер мен жұмысшылар қауымдастығы, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіподақтардың жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимылдары айқын анықталып, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басты басымдықтар болып табылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.

Жалпы жұмысшылардың өндірісте зардап шегу деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жыл сайын 1 жарым мыңнан астам адам (1678) түрлі өндірістік жарақат алып, шамамен екі жүз елудей (244) адам қаза табады.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін әртүрлі өтемақылар 28%-ға немесе 2012 жылы  78 миллиард теңге болса, 2016 жылы 100 миллиард теңгеге дейін артты.

Сонымен бірге, соңғы үш жылда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Жаңа Еңбек кодексінде жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік араласудың шекаралары тараптардың мүдделері ескеріле отырып айқындалған.

Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам кәсіпорын қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін 432 мың қызметкерге 5% -дық міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары аударымын жасап отыр.

Жұмыс берушілер көбінесе бизнестің ауыртпалығы туралы мәселені көтереді, алайда олардың экономикалық шығындарына байланысты жеке шығындарды азайтуы «өз қолдарында».

- Бизнес еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін енгізу және кәсіптік тәуекелдерді басқару үшін шаралар қабылдауға қам-қарекет жасау қажет, - дейді министр Тамара Дүйсенова.

Оценить материал
0