Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

Астана білім басқармасы ашық есік күнін өткізеді

1251
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы басқарма басшысы Әнуар Жанғозин Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Іс-шараның мақсаты – білім басқармасы мен қоғам арасындағы өзекті мәселер мен сауалдарды шешудегі «конструктивті диалог» құру. Осылайша астанадағы білім жүйесін жетілдіре түсу», – делінген Астана білім басқармасының хабарламасында.

Ашық есік күні 3-ақпанда сағат 10.00-де Оқушылар сарайында( Б.Момышұлы 5) өткізіледі.

Іс-шараға басқарма басшысы, орынбасары және де Астана қалалық білім басқармасындағы барлық бөлім басшылары қатысады. Бұл қалалықтар үшін керекті адамдармен тікелей жолығып, өзінің арыз-шағымын қолма қол тапсырып, кеңес алуға берілген мүмкіндік.

Оценить материал
0