Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Қарағандыда «Автобус» жедел шарасы өткізілуде

1214
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің мамандарымен өткізіліп жатқан «Автобус» жедел-алдын алу шарасының алғашқы жеті күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 414 жол ережелерін бұзу фактілері анықталған, деп жарияланды облыс әкімінің ресми сайтында.

Шара кезінде Осакаров ауданында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған үш дерек анықталған. Жаңаарқа ауданында заңсыз түрде қайта жабдықталған бір автобус тоқтатылған.
21 жағдайда автобустар міндетті техникалық қараусыз желіге шыққан. 72 жүргізуші қозғалыс кезінде телефон арқылы сөйлесіп отырған. 8 көлік тізгіндеушілер шекті жылдамдықты асырып жіберген. 40 жүргізуші бұрылу ережелерін ұстанбаған. 6 жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған. Әкімшілік жауапкершілікке автопарктердің 10 қызметкері тартылды.

«Автобус» жедел – алдын алу шарасы облыста 22-ші қаңтарда басталған және 18-ші ақпанға дейін жалғасады.

Оценить материал
0