Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

1887
Фото: Әкімдіктің сайтынан. .

Ақтөбе облысының Алға ауданында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жаңа қоныс иелеріне "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған  көп пəтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бес қабатты үйде 60 пәтер болса, оның бесеуі бір бөлмелі, отызы екі бөлмелі, жиырмасы үш бөлмелі, бесеуі төрт бөлмелі. Әр пәтердің аумағы 31-ден 79 шаршы метрге дейін.

Жетім жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған 12 бала, əлеуметтік жағынан əлсіз топқа жататын 19 жанұя, 18 бюджеттік сала қызметкері, сонымен қатар жалғыз баспанасы апатты деп танылған отбасы жеке баспаналарына ие болды. Қалған он пəтер бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалдауға берілді.

Облыс әкімінің айтуынша,былтыр 793 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 6800-ден аса ақтөбелік отбасы қоныс тойын тойлаған. Бұл мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен мүмкін болған. Осындай үйлер Ақтөбе қаласында ғана емес,  болашақта барлық аудан орталықтарында да салынатын болады.

Жуырда Алға қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша 60 пәтерлік 5 қабатты үй пайдаланылуға берілмек. Келешекте 120 пәтерлік екі тұрғын үй салу жоспарда бар.

Оценить материал
0