Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Қарағандыда «Қазыбек би» фильмінің премьерасы өтті

1825
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

«Сарыжайлау» кинотеатрында «Қазыбек би» фильмінің премьерасы өтті. Бұл картинаны «Қазақфильм» киностудиясы атақты бидің 350 жылдығына орай түсірген,деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Туындының сюжеті атақты тарихи тұлға, қазақтың үш ғұлама билерінің бірінің өмірі және қоғамдық әрекеті туралы баяндайды. Фильмнің авторлары – сценарийші, режиссер Ғазиз Насыров және біздің жерлесіміз, танымал ақын, өнертанушы, режиссер Ерлан Төлеутай.

- Ақпаратты біз барлық дерлік көздерден жинадық. Соның барлығын негізге ала отырып, қайт жаңғырту жасадық. Фильм Қазыбек би қалай дүниеге келгені, қалай ғұлама би болғаны және дүниеден қалай өткені туралы баяндайды, - дейді Ерлан Төлеутай.

Түсірілімдер Қарағанды және Павлодар облыстарында өтті. Астанада фильмнің авторлары Қазыбек бидің өмірі мен мұрасын зерттеумен айналысатын тарихшы ғалымдардан сұхбат алған.
Қазыбен бидің рөлін танымал қазақстандық актер, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов сомдаған.
Фильмнің қоюшы операторлары – Сапар Қойшұманов және Марс Умаров, композиторы – Абулхаир Жарасқан, костюмдер бойынша суретші – Әйгерім Сапарова.

Сонымен қатар фильмге Зарқын Тайшыбай, Жамбыл Артықбаев және Нұрлан Дулатбеков секілді ғалымдар да қатысқан. Фильмнің авторларының айтуынша, биылғы жылы «Қазыбек би» фильмін республикалық телеарналардың бірінде көрсету жоспарланып отыр.

Оценить материал
0