Наверх

Погода в Астане: 09 апреля, вечер: -2° 3 м/с10 апреля, ночь: -3° 4 м/с10 апреля, утро: +3° 5 м/с10 апреля, день: +12° 6 м/с

Алматыда алдағы үш жылда бірқатар ірі медициналық нысандар салынады

470
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Алматыда таяу арадағы үш жыл ішінде бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарлануда, олардың арасында жаңа онкологиялық орталық, қазақ- жапон диагностикалық орталығы, презентхана және халықаралық «Mount Sinai» госпиталі бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңа «Керуен-Medicus» медицина орталығында болғанда айтты, деп жарияланған қала әкімінің ресми сайтында.  

Қала басшысы клиника ұжымымен кездесу барысында Орта Азия қалалары арасында Алматының «Саламатты қалалар» Бүкіләлемдік ұйымы жүйесіне алғашқылардың бірі болып енгенін және медициналық туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.

2017 жылдың өзінде  2 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен еліміздің өзге өңірлерінен келген 270 мың адамға медициналық қызмет көрсетіліп,қала бюджетіне 240 млн. теңгеден астам кіріс әкелген.

Қала әкімінің айтуынша, медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, одан әрі дамыту маңызды. Сырқаттың алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Диагностиканы ерте қою мен салауатты өмір салтын дамыту қажет.

Қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысында әр пациенттің электронды денсаулық паспортын енгізу, кем дегенде 35 жылжымалы модульді кешен арқасында орталықтандыруды іске асыру және Smart технологияны пайдаланып медицналық көмек сапасын арттыру жоспарланған.

Оценить материал
0