Наверх

Погода в Астане: 09 апреля, вечер: -2° 3 м/с10 апреля, ночь: -3° 4 м/с10 апреля, утро: +3° 5 м/с10 апреля, день: +12° 6 м/с

Ақтөбеде «Бақытты балалық шақ» жобасы бойынша ауқымды істер жүзеге асырылады

917
Фото: «Ақтөбе» газеті сайтынан

Биылғы жыл облыста «Бақытты балалық шақ» жылы ретінде есте қалмақшы. Осы бағдар аясында балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылмақ. Бизнес қауымдастығы барлық аулаларда ойын алаңдарын жасақтауға өз үлестерін қосуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен өткен былтырғы жылдың қорытындыларына арналған кеңейтілген мәжілісте айтылды.

Алдағы екі жылда  облыстағы барлық ауылдар спорт алаңдарымен жабдықталып,  аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады.

«Бақытты балалық шақ» акциясы 8 блок бойынша жүзеге асырылады, онда білім беру, мәдени, шығармашылық, спорт, интеллектуалдық тәрбие және балаларды дамыту мәселелері қамтылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі 2020 жылға дейін үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді міндеттеді.

 -Облыста мектеп жасындағы балалардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты үш ауысымды және апатты мектептер мәселелерін шешуге ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылы 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді, қазіргі кезде 26 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2019 жылға қарай апаттық жағдайдағы мектептердің, ал 2020 жылға дейін үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін кеңейтіп, балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайызға қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 96% .

Аудан әкімдеріне 2018-2019 жылдар ішінде барлық ауылдарды спорттық алаңдармен жабдықтау, аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырылды.

Дереккөз: «Ақтөбе» облыстық газеті

Оценить материал
0