Наверх

Погода в Астане: 09 апреля, вечер: -2° 3 м/с10 апреля, ночь: -3° 4 м/с10 апреля, утро: +3° 5 м/с10 апреля, день: +12° 6 м/с

«Жас ұлан» республикалық мектептері арасында әскери-спорттық ойындар сәуір айында Алматыда өтеді

607
Фото: Министрліктің сайтынан

Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының танымал спортшыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Объектив.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға дзюдодан әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Жұмақанов, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев пен дзюдодан штаттық команда бапкері сержант Самат Апақов қатысты. Әңгімелесу барысында қатысушылар әскери қызметтің ерекшеліктерін талқылады. Тәрбиеленушілерге жаттығулардың жаңа әдістемелері туралы айтып берді.

Кездесу соңында АОСК-ның спортшылары жас жасұландықтарға спортпен көбірек шұғылданып, өздерінің денсаулықтарын нығайтып, еліміз үшін мықты тірек болуларын тіледі.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру шеңберінде АОСК нұсқаушыларының жетекшілік етуімен сәуірдің 5-і мен 11-і аралығында Алматы қаласында «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар өтеді.

Оценить материал
0