Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Қарағандыда тұрақты мекені жоқтарды бейімдеу орталығына жеткізуде

1101
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағандыда аязды күндері тұрақты мекені жоқ азаматтарға арналған бейімдеу Орталығының мобильді қызметі жұмыс істеуде. Әлеуметтік патруль рейдтер ұйымдастырып, баспанасы жоқ жандарды тауып Орталыққа жеткізеді,деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Баспанасыз азаматтарды Бейімдеу орталығына тек олардың келісімімен ғана алып келеді. Барар жері бар адамдарға далада түнемей, аяздың басылуын жылы жерде отырып күтуге үгіттейді. Қазір белгілі мекені жоқ азаматтарға арналған бейімдеу орталығы толық – ол 50 орынға шақталғанына қарамастан 52 адам тұрып жатыр.

- Біз түнейтін жерлері жоқтарды қабылдап жатырмыз. Тым болмаса бір түн түнетсек те, бірақ көмек сұрап келгендерді қабылдаймыз, мұндай қақаған аязда ешкім далада қалып қоймасын деп. Бізде уақытша тұрып жатқандарға баспанамен қоса күніне үш рет ыстық тамақ береміз, - дейді бейімдеу орталығының диспетчері Иван Михайленко.

Тек соңғы жеті күнде патруль алты баспанасыз жанды тауып алған.

Бейімдеу орталығында белгілі бір мекенжайы жоқ адамдарға құжаттарын қайта рәсімдеуге, уақытша тіркеу алуға, жұмыс табуға, мүгедектік тобын және зейнеткерлікті рәсімдеуге көмек көрсетіледі.

Бейімдеу орталығына 50-32-45 телефоны бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласуға болады. Мекенжайы: Архитектурная көшесі, 10.

Оценить материал
0