Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Сот жұмысының негізі - халық сенімі

701
Фото: liter.kz.

Сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысын шығарған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов облыстық соттардың Жоғарғы сотқа жіберетін статистикаларында жалған деректердің көптігін айтты.

- Былтырғы жылы 4 пайыз дау бітіммен аяқталыпты.Шындығында бұл цифрға сенбеймін.Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде тиімді жол дауды сотсыз шешетін институттарды дамыту қажет. Дамыған елдерде   дауды шешетін балама институттар көп. АҚШ-та, дамыған елдерде даудың көбісі соттан тыс жерде шешіледі. Қытайда тартыстардың 30 пайызы, Словенияда 40 пайызы сотта бітіммен аяқталады. Біз мүмкіндігінше біреуі жеңсін, екіншісі жеңілсін дегенге ұмтыламыз, - деді ол.

«Судьялардың жұмысын жақсартудың жолына келсек,менің ойымша, біз өзіміздің проблемаларымызды, кемшіліктерімізді қоғамға жасырмай жеткізе білсек, түсіндіре білсек қоғам қызметіміз жайлы жақсы білетін болады. Содан барып, судьяларға деген талап   одан ары күшейеді.Әр сөзі, әр қадамы жұрттың  бақылауында болғаннан кейін әрбір судья, соттың әрбір төрағасы өзінің жұмысын жақсартуға, кемшілігін жоюға ұмтылады», - деді  Жоғарғы сот төрағасы.

Оның айтуынша, адамдар сотқа соңғы үмітімен келіп, әділдік күтеді,одан көңілі қалса, сотқа ғана емес, бүкіл мемлекеттік билікке өкпелейді.Сондықтан,сотқа сенгенде көпшіліктің келешекке  деген сенімі мықты болмақ.

Сонымен қатар, ол аз уақыттың ішінде түбегейлі өзгерістер жасайтындай реформа ұсынбайтындығын , өзін осы лауазымға тағайындағандағы Елбасының халықтың сотқа деген сенімін арттыру қажеттігі жайлы тапсырмасын орындайтындығын жеткізді.

Оценить материал
0