Наверх

Погода в Астане:20 октября, день: +15° 5 м/с20 октября, вечер: +12° 6 м/с21 октября, ночь: +9° 4 м/с21 октября, утро: +7° 3 м/с

«Нұрлы жол» вокзалы аяз күндері қалыпты қызмет көрсетуде

1277
Фото: «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ сайтынан.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық бөлімшелері ауа райының күр суына байланысты ерекше кестемен жұмыс істеуде. Әсіресе, қауіпсіз жолаушылар пойызы қозғалысын, теміржол вокзалдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ету айрықша көңіл бөлінген,деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінен.

Биыл «Нұрлы жол» вокзал кешені алғашқы қысты басынан өткеруде. Вокзал кешенінің жауапты қызметкерлері тиісті ауысыммен жұмыс істеуде.

- «Нұрлы жол» вокзалы жаңа нысан болғандықтан, мұндағы еңбеккерлер қысқы жұмыс жағдайын барынша ыждағатты атқаруда. Эстакада тұрақты тазалануда. Вокзал пайдалануға берілгелі пойыз қозғалысы қалыпты, кестеден кешіккен емес,-дейді Астана жол дистанциясының эстакада көпірі шебері Меңғали Дәулетшин.

«Нұрлы жол» вокзал кешені пайдалануға берілгелі екі миллионнан астам адамға қызмет көрсетті.

Қыстың аязды күндері Республиканың басқа да барлық вокзалдары кесте бойынша жұмыс істеуде. Қатты аязды күндері вокзал келушілер, кетушілер, шығарып салушыларға лық толы болғандықтан,теміржолшылар ауа райы суық күндері де жолаушылардың межелі жеріне жетуіне барынша қолайлы жағдай жасауға тырысуда.

Оценить материал
0