Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Алматыда тағам өндіретін зауыт салынуда

1456
Фото: Министрлік сайтынан.

«Маревен Фуд» компаниясы Алматы облысының Қапшағай қаласында дайындалған тағам өнімдері мен жартылай дайын өнім өндіретін зауыт салып, іске қосуға шамамен 50 млн. АҚШ долларын жұмсайтын болады. Жобаны іске асыру өңірде 600-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму  министрлігінің баспасөз қызметі.

«Маревен Фуд» тағам өнімдерін өндіру мен сатумен айналысатын FMCG халықаралық (Fast Moving Consumer Goods –күнделікті сұранысқа ие тауарлар) компания. Компанияның сауда маркасының портфелі «Роллтон» және «BIGBON» сияқты белгілі брендтерді, сондай-ақ «Mareven Food Professional» кәсіби аспаздық брендті қамтиды. Барлық өнім ISO 9001:2008 сапа менеджментінің жоғары стандарттарына сәйкеседі. Компания әлемнің басқа елдерінде де инвестициялық жобаларды іске асыруда жемісті еңбек етіп келеді.

Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт өнімнің кең көлемді ассортиментін ұсынатын болады. Бұл Қазақстанның ішкі нарығын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық аймақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Зауыт құрылысы «Арна» индустриалды өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізілген. Басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр.

Оценить материал
0