Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, ночь: +2° 4 м/с14 апреля, утро: +6° 5 м/с14 апреля, день: +17° 6 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с

Армиялық палуандар халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды

840
Фото: Министрліктің сайтынан.

Красноярскіде Дмитрий Миндиашвили атындағы күрес академиясының жүлдесіне ерлер мен әйелдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының еркін күрес спортшылары жүлделі орындарды еншіледі, деп жарияланған ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында.

Сайысқа Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, АҚШ және Финляндияның 500-ден аса балуаны қатысты. 57 мен 76 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова мен Валерия Аксенова турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. 65 келіге дейінгі салмақта спортшы Альбина Қайыргелдіқызы қолда жүлде иегері атанды. Финалистер әрбір салмақ дәрежесінде Иван Ярыгиннің бас жүлдесінің халықаралық турниріне қатысуға мүмкіндік алды.

Оценить материал
0