Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Анкарадағы ерекше кітапхана

1240
Фото: muftyat.kz.

Анкарада қоқыс жинаушылар ерекше кітапхана ашты. Олар қоқыс жәшіктеріне тасталған кітаптарды үзбей ұқыптылықпен жинап келген. Қоқыс жинаушылар бірнеше айдан бері адамдар тастаған кітаптарды жинаған. Қазір осы кітаптардан жасақталған кітапхана жергілікті түрме мекемелері мен мектептерге өз көмегін тигізіп отыр, деп хабарлайды muftyat.kz.

«Бір жағынан, бұл кітаптарды адамдар керексіз санап көшеге тастап кеткен. Екінші жағынан, кітаптардың өзге адамдарға пайдасы тиді»,-дейді Анкараның Чанкая ауданы басшысы Алпер Ташделен.

Ерекше кітапханға ескі кірпіш фабрикасы ғимаратынан орын берілген. Бұл жерде сондай-ақ, ауданның санитарлық қызмет басқармасы орналасқан. Сондай-ақ, оқырмандар мен шахмат ойыншыларына жағдай жасалған.

"Қоқыс арасынан кітап көргенде қуанамыз,- дейді қоқыс жинаушы Ефэ Акпынар, көзі ашық адамдар кітапты сөмкеге салып, қоқыс басына іліп кетеді, ал біз оларды алып келіп, осы жерде істейтін досымызға береміз. 

Чанкая ауданы қоқыстардан табылған кітаптарды тазалап, ретке келтірген соң кітапқа мұқтаж оқу орындарына жіберуді жоспарлап отыр. 

Оценить материал
0