Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -21° 3 м/с04 декабря, утро: -20° 4 м/с04 декабря, день: -15° 4 м/с04 декабря, вечер: -15° 3 м/с

«Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды

2572
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. Экспозиция мұражайдың 30 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілуде, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Көрмеде мұражай қорынан алынған 80-нен астам өнер туындылары ұсынылған. Жәдігерлер Қарағандының тарихы туралы сыр шертіп, шаһардың бейнесін сипаттайды. Көрермендер мұнда танымал қарағандылықтардың – кеншілер, құрылысшылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінің портреттік галереясын тамашалай алады.

«1934-ші жылдың 10-шы ақпанында кеншілер кенті қала дәрежесін алды. Қарағанды көмір бассейні ретінде бүкілодақтық маңызға ие болды. Қаланың өсуі, даңғылдар мен көшелердің, сәулет ескерткіштері мен мүсіндердің пайда болуы – мұның барлығын өз кағаздарына П.С. Андреюк, П.К.Антоненко, В.И.Крылов, В.В.Буш, Г.Г.Гилевский, С.Ф.Шкурацкий секілді суретшілер түсірген», - дейді көрме ұйымдастырушылары.

Әр заманда Қарағандының бейнелеу өнерінде кеншілер тақырыбы басым болып келген. Оны Р.Есіркеевтің, В.Шамшиннің, Ю.Камелиннің, Э.Селезневаның және В.Тюминнің туындыларынан көруге болады.

Жаңарған және жарқын қаланы П.П. Кишкис, С.Д.Щеголихин, В.А.Арент, И.А.Раков, Б.Е.Мұстафин, О.В.Дроздов, Т.М.Абілқасовтың суреттерінен байқауға болады.
«Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме бейнелеу мұражайында 12-ші ақпанға дейін жалғасады.

Оценить материал
0