Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Биыл бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақыға 36,8 млрд теңге қарастырылған

1190
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі. 

Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден  (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға,  17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға,  18 880 т. – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.

Оценить материал
0