Наверх

Погода в Астане: 28 июля, день: +22° 6 м/с28 июля, вечер: +17° 4 м/с29 июля, ночь: +12° 3 м/с29 июля, утро: +15° 3 м/с

«Бабалар ізімен» экспедициясы Үндістанда зерттеу жұмыстарын жүргізді

1377
Фото: muftyat.kz.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабалар ізімен» ғылыми-тарихи экспедициясы Үндістанда даңқты бабамыз Мұхаммед Хайдар Дулатиге де қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Экспедиция мүшелері Кашмир штатында болып, даңқты қолбасы әрі тарихшы-ғалымның жерленген жеріне арнайы барған еді. Олар сондай-ақ Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасын зерттеп жүрген жергілікті ғалымдармен кездесіп, тың мәліметтер жинап қайтты.

«Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақовтың айтуынша, Кашмир университетінде, Дели университетінде, басқа жерлерде бұл кісіден қалған көп мәліметтер бар. Соны егер біздің ғалымдар келіп, зерттейтін болса, көп мәліметтер табуға болады.

- Үндістандық ғалымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «»Жаханнама» және «Тарихи рашиди» деген еңбектеріне ерекше баға береді. «Олар бұл шығармалар өзінің тарихи шынайылығымен және көркемдік сипатымен құнды, – дейді С.Ысқақов. 

Дәл осы «Тарихи рашиди» еңбегінің жазылу тарихы «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов пен Кашмир Университетінің профессоры Рафуддин Махмуди арасындағы кездесу барысындағы әңгімеге арқау болды.

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев өз сөзінде:

"Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақ елі үшін айтулы, тарихи тұлға. Оның мұрасын зерттеу ісі Президент Назарбаев жария еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай келіп тұр»- деп атап өтті.

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0