Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеуде

1497
Фото: «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ ресми сайтынан.

«Теміржол бөлімшелерінде апаттық бригадалар жасақталып, олар тәулік бойы кезекшілік етеді. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігі қатаң бақылауда тұр»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Б. Уәли.

Б. Уәлидің айтуынша, «жылу жүйелеріне ерекше қадағалау жасалуда. Қызмет орындарында, орталықтандырылған электр бекеттері, вокзал ғимараттары, өндірістік имараттарда жылуды қалыпты ұстау басты назарда тұр. Барлық қызмет түрлерімен байланыс тұрақты жүргізілуде.

Рельс диагностикасын жүргізу құралдары, рельс түйіспелері, ВЛ-10 желілеріне күнделікті тексеру жасалуда. Өңірлердегі барлық теміржол көлігінің қызметін тұрақты әрі қалыпты жүргізу ерекше бақылауда ұсталынып отыр.

Павлодар магистральдық желі дирекциясының жетекші инженері Б. Тайлақовтың айтуынша, өңірдегі теміржол қызметі қалыпты. 600 маман күн сайын жолдың жағдайын тексеріп жүр. Павлодарлық теміржолшылар пойыз қозғалысының қалыпты болуын, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға барлық тиісті шараларды жасауда.

Қостанайда өңірдегі кәсіпорындардың теміржол саласының барлық басшыларының тәулік бойғы кезекшілігі қойылды. Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары А. Шарсейітовтің айтуынша, станциялар, жолдарды, бөлімшенің кәсіпорындарын бақылап отыруға қосымша күш тартылды. Жол қараушылардың кезекшілігі күшейтілген режімге көшірілді.

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің бөлім бастығы Р. Буратаевтың айтуынша,өңірде вагон пайдалану, локомотив депосы, станцияларда барлық сала бойынша жауапты мамандардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды. Әрбір еңбеккер ауа райы күрт суытқан кездегі еңбекті қорғау шаралары жөніндегі нұсқамалықпен танысты.

Дереккөз: «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Оценить материал
0