Биыл мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға республикалық бюджеттен 29,9 млрд.теңге қарастырылған
886

Фото: Ашық ақпарат көзінен
Жедел ақпарат бойынша, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 24,4 млрд. теңге бөлінді, деп хабарланған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.
Өткен жылы жәрдемақының орташа мөлшері 25 682 теңге болды. Мұндай жәрдемақы 77,3 мың адамға төленді.
2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға 29 699 теңге немесе өткен жылғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық мөлшерде берілетін жәрдемақылар үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд. теңге қарастырылған.
Оценить материал