Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

«Шапағат» жобасының аясында 400-ден астам отбасына көмек көрсетілді

1322
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

500-дей волонтер көмекке мұқтаж отбасыларды азық-түлік тауарларымен, киім-кешектермен қамтамасыз ету ісіне жәрдемдеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Шапағат» жобасының мақсаты- әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету.Бір жылдан астам жұмыс істеп жатқан жоба аясында 426 әлеуметтік жағынан аз қамтылған  жанұяға көмек көрсетілген.

Жоба үйлестірушісі Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, отбасылардың өкілдері айына бір рет өздеріне қажетті заттарды алады. Жоба шеңберінде оларға қажетті консультациялар беріледі.

Жыл басынан көмекке мұқтаж жандар  жоба аясында Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Тұрғын үй инспекциясының өкілдерімен кездесіп, көкейіндегі сауалдарына жауап алған.

Жобаға өз үлесін  қосқысы келетіндер Қабанбай батыр даңғылы 14, 7 кеңсе мекен-жайы бойынша орналасқан қабылдау пунктіне жылы киімдерді, бас киімдер мен аяқ киімдерді, тұрмыстық техниканы, азық-түлік тауарларын әкелулеріне болады.

Оценить материал
0