Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Оңтүстік Қазақстанда төтенше жағдайларды болдырмау шаралары талқыланды

1131
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп жарияланған облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі су қоймаларының бүгінгі жай-күйі талқыланып, көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары пысықталды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н. Дербісовтің айтуынша, облыс аумағында жалпы 43 су қоймасы бар. Оның 20-сы республикалық, 18-і облыстық және аудандық коммуналдық, 5-і жекеменшік саналады.

- Қоймалардың 90 пайызының құрылысы 1941-1990 жылдары аралығында салынып, пайдалануға берілген. 25 пен 80 жыл  аралығында үздіксіз пайдаланылып келеді.

2017 жылғы қазан-қараша  айларында облыс аумағында орналасқан барлық су қоймалардың меншік түріне қарамастан ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында облыстық құзырлы мекемелерден құрылған комиссия визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді, - деді Нұрболат Дербісов.

Жиынды қорытқан өңір басшысы су қоймаларына қатысты олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аудан, қала әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Оценить материал
0