Наверх

Погода в Астане:06 июня, вечер: +19° 3 м/с07 июня, ночь: +16° 1 м/с07 июня, утро: +21° 2 м/с07 июня, день: +26° 3 м/с

2017 жылы шамамен 573 мың адам жұмыспен қамтылды

911
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Өткен жылы Қазақстанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру басталды. 

Оны жүзеге асыруда бір жыл ішінде 573 мыңнан астам қазақстандық аталған бағдарламаға қатысты, деп жарияланған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс табуға талпынған азаматтар ішінде - 403 мың адам (70,4%) жұмыссыздар, 149 мың адам (26%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.

Сонымен бірге 29 жасқа дейінгі қатысқан жастардың үлесі 42,5%, ал әйелдер үлесі – 49,2% .

Бағдарлама аясында 315 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына тартылды. 138 мыңға жуық адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналасты.

2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 85 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды.

2018 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 500 мыңнан астам азаматты қамту жоспарланып отыр.

Оценить материал
0