Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Өскеменде «Рухани жаңғырудағы әйелдердің рөлі» атты семинар өткізілді

1456
Фото: Muftyat.kz.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудағы әйелдердің рөлі» атты республикалық семинар өтті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» атындағы мешіттің баспасөз қызметінен.

Шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша  наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлім басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы арнайы қатысты.

3 күнге жалғасқан жиын барысында «әйелдер-қыздар» секторы жұмысын дамыту туралы мәселелер талқыланды.

ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы жиынға қатысушыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, маңызды мәселелерге арнайы тоқталды.

«Елбасы  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездескенде дескрусивті діни ағымдармен күресті күшейту туралы арнайы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма жан-жақты жүзеге асыру бүгінгі таңдағы келесі міндеттің бірі болып отыр» дей келе, «әйелдер-қыздар» секторының төрт бағыт бойынша жұмысы туралы баяндады.

Оценить материал
0